ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Әлеуметтік әріптестік іс-шаралар жоспарының аясында Ұстаздар күніне орай, Маңғыстау облысының Әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен, Маңғыстау облысының білім басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастыруымен «Ұстазым, бар сенің қасиетің..!» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді.
Кездесу кешіне облыстық мәслихат хатшысы, облыстық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің және облыстық қоғамдық кеңестің төрағалары қатысты.
Мерекелік жиында облыс басшысы ардагер ұстаздарды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.
Жиын барысында ардагер-ұстаздар да сөз алып, білім саласында еңбек еткен жемісті жылдарына шолу жасап, сол кездегі қызықты естеліктерімен бөлісті. Салтанатты кеш ән шашумен тәмамдалды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ