ОРАЛДА ЖАҢА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Салалық кәсіподақтың Батыс Қазақстан облыстық ұйымының бас маман - ұйымдастырушысы Марина Темірғалиева мен заңгері Гүлжанат Құрманғазиева және Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, Орал қалалық комитеті – Филиалының төрағасы Төлеген Темешев қалалық №25 жалпы орта білім беретін мектебінде болып, ұжыммен кездесті. Ұжымда 140 қызметкер жұмыс істейді.
Кездесу барысында төраға Тулеген Темешев «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» Орал қалалық комитеті – Филиалының жұмысының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, ұжымдық шарттың жасалу шарттары, 2021 – 2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы облыстық келісім, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы және кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін жеңілдіктер мен қайырымдылық көмек түрлері туралы түсіндірді.
Марина Темірғалиева мектеп ұжымына кәсіподақ күшінің маңыздылығын, ұстаздың қоғамдағы атқаратын рөлі туралы ақпаратпен бөлісіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Төлеген Темешев пен заңгер Гүлжанат Құрманғазиева ҚР заңнамаларында болып жатқан өзгерістермен таныстырды.
Мекеме басшысы Лаура Сәбитқызы кәсіподақ мамандарына өз алғысын білдіріп, жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің көңіл күйіне ғана емес, жұмыс сапасының күйіне де себепші болуы керек екенін айтты.
Кәсіподақ белсенділері бастауыш кәсіподақ ұйымының алдағы тұрған мақсаттары мен міндеттері туралы өз ойларын ортаға салды.
Бұлар бастауыш ұйымның жаңадан құрылуы кәсіподаққа деген сенімнің арта түскенін көрсетеді.