ҚАРАҚИЯДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Мектепке жол – шексіз қайырымдылық» атты айдармен өткізілуде. Акция Маңғыстау облысының барлық аудандарында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.
Қарақия аудандық филиалы да акция басталған күннен бастап,білім беру мекемелерінде аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 90 балаға қолдау көрсетіп, мектепке қажетті оқу құрал- жабдықтарын алуға қаржылай қолдау көрсетті.
Көмек алған мектеп оқуышыларының ата-аналары аудандық кәсіподаққа өз алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.
Бұл дәстүрлі түрде жылда өткізіліп келе жатқан іс-шара балалар үшін де, ата-аналар үшін де үлкен қолдау, көмек болатыны сөзсіз.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Қарақия аудандық филиалы