МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін, 6 қыркүйекте, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және Мұнайлы аудандық білім бөлімі мен Мұнайлы ауданының кәсіподағы филиалымен бірлесе отырып, аудандық мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған «Қызметкерлер санын немесе штатын қысқарту» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Оқыту әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік келісім аясында өткізілді.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Баймбетова Т.А. және құқықтық қызметтер жөніндегі Бас маман Храмова Н.С. білім беру мекемелерінің басшыларымен бірлесе отырып, білім беру ұйымы штатының қысқаруына байланысты еңбек шартын бұзудың негіздерін, қызметкерлерді қысқарту тәртібін және қысқартылған жағдайда өтемақылар төлеуде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Білім беру мекемелерінің басшылары еңбек заңнамасының талаптарына және барлық деңгейдегі келісімдерге сәйкес бұйрықтардың, хабарламалардың үлгілерін іс жүзінде жасай алады.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ