«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ОРАЛДА КӘСІПОДАҚ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАДЫ
БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – Филиалының бастамасымен қалалық білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы жұмыстары ұйымдастырылып, өз жалғасын табуда.
Акция мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Акция басталған күннен бастап, білім беру мекемелерінде аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 47 бала мектепке қажетті оқу құралдары, мектеп сөмкелері және мектепке қажетті киім - кешекпен қамтамасыз етілді.
Бұл дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шара балалар үшін де, ата-ана үшін де үлкен қолдау, көмек болатыны сөзсіз.
БҚО ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ – ФИЛИАЛЫ