АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» НАУҚАНЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы республикалық «Мектепке жол» науқанынан биыл да қалыс қалған жоқ. Балалар жылы аясында «Бар мейірім – балаға» атты ұранымен өтіп жатқан игі шараға өңірдегі жоғары, кәсіптік-техникалық оқу орындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдары, барлық аудандық білім кәсіподақтары жұдырықтай жұмылып, қолдау білдірді.
Науқанның басты мақсаты: әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы кәсіподақ мүшелерінің балаларына жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Осы бағытта кәсіподақ 200-ден астам оқушыға мектеп формалары мен оқу құралдарын алып берді. Қайырымдылық шарасы әлі де жалғасып жатыр
Мұндай шаралар арқылы балалардың әлеуметтік жағдайы жақсарып қана қоймай, олардың білім алуға деген ұмтылысы біршама арта түсетіні белгілі. Барлық бала бақытты болуға лайықты деп санаймыз.