«ФАВОРИТ» АЖ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ДИАЛОГ АЛАҢЫ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ҚБ төрайымы Гүлбарам Әуезханқызы Науразбаеваның бастамасымен «Фаворит» АЖ тиімді пайдалану бойынша онлайн – режимде диалог алаңы өтті.
Іс-шараға Павлодар облысының қалалары мен аудандарының білім беру және ғылым мекемелерінің басшылары, ҚБ филиалдарының және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және бұлтты бухгалтерия жұмысы саласындағы басқа да мамандары қатысты.
Модератор ҚБ бас маманы Гүлшат Оралқызы Джаркенова болды. Аталған алаңының спикерлері Нұр-сұлтан қаласынан келген қонақтар болды: Сүйіндіков Санжар Жоламанұлы – «Фаворит» АЖ жобасының жетекшісі, Хайрушев Мәди Исетайұлы – клиенттерді қолдау сервисі жөніндегі Атқарушы директор, Емелалина Саруар Аманбайқызы – басшының клиенттерді қолдау жөніндегі орынбасары.
Спикерлер өз сөзінде тыңдаушылардың назарын ақпараттық жүйені пайдалану тиімділігінің негізгі аспектілеріне және білім және ғылым қызметкерлеріне жалақы есептеу, жәрдемақы төлеу және басқа да ақшалай операциялар ерекшеліктеріне аударды.
Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Мысалы, тыңдаушылардың басты сұрақтарының ішінде бухгалтерлер мен білім беру мекемелерінің әкімшілік корпусының мүшелері үшін Фаворитті ұтымды пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтың болуы және мазмұны; жүйеге қатысушылардың функционалы мен рөлін айқындау туралы; Бухгалтерлік есеп журналдарын жүргізу өзекті ме екендігі көрсетілді.
Гүлшат Джаркенова диалог алаңы қатысушыларға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы мен Павлодар облысының білім басқармасы арасындағы Өңірлік келісімге өзгерістер енгізу туралы еске салды.
Онда медицина қызметкерлеріне, кітапханашыларға, білім беру мекемелерінің әдіскерлері мен әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілеріне демалысқа қосымша күндер төлеу көрсетіледі; сондай-ақ, бұл тармақ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына, Білім және ғылым мекемелерінің техникалық персоналына арналған ұжымдық шарттарда көрсетіледі. Осындай сәттер осы ақпараттық жүйеде қалай көрінеді? Фаворит қосымша демалыс күндерін төлеуге мүмкіндік бере ме?
Жоба жетекшілеріне арналған диалог алаңына қатысушылардан бұлтты бухгалтерияның мамандары үшін жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу мақсатында көшпелі іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстар келіп түсті. Бұл бастаманы спикерлер қолдады және ол Елорданың консультациялық орталығының жұмыс жоспарында қаралатын болады.