ЕҢБЕК НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Ақтау қаласындағы «№34 «Болашақ» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 30 маусым күні ұжым мүшелерімен кездесу өткізілді.Оған Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Тұрғанбаева, «Маңғыстау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі А.Шамшадинова,«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» Ақтау қалалық филиалының төрайымы К.Еңсегенова қатысты.
Ұжым қызметкерлерімен кездесудегі басты мақсат – ұжымнан түскен шағым бойынша мәселерді шешу және кәсіподақ ұйымының негізгі міндетін айқындап, кәсіподақ мүшелерінің сауалдарына жауап беру.
Кездесу барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Б.Тұрғанбаева арызға байланысты Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау процесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізе келе, ротациялаудың негізгі мақсаты басқарудың тиімділігін арттыру деп атап өтті.
Еңбек қатынасына байланысты кеткен кемшіліктерге мән беріліп, жұмыс берушіге жұмыскерлерге қатысты еңбек заңдылықтарының нормаларын сақтау маңызды міндет екені ескертілді.
Қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Еңсегенова кәсіподақ қызметінің басты бағыты - кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау дей отырып, ұжым қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне де тоқталды.
Ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту және ұжым қызметкерлері мен жұмыс беруші арасында ауызбіршілік пен сыйластықты жақсартып, бірлесе ұйымшылдықпен жұмысты жалғастыруға ұсыныстар берілді.
Кездесуге қатысушылар жиналыс соңында еңбек қатынасына байланысты қойылған ашық сұрақтарға жауап беріп, ұйым жұмысына сәттілік, толағай табыстар тіледі.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының Ақтау қалалық филиалы.