КӘСІПОДАҚТЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен іс қағаздарды цифрлық платформаға көшіру бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
Жобаны Алматы облысында жүзеге асыру мақсатында кәсіподақ белсенділеріне арналған семинар өткізілді. Оған аудандық, қалалық филиалдардың есепшілері мен мамандары қатысты.
Құжаттарды цифрлық платформаға көшіру бойынша пилоттық жобаны іске қосу үшін арнайы «Avalon-Service Astana» ЖШС-нің басшысы Нұрсейіт Тынбаев Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында келіп, жобаны жан-жақты таныстырды.
Бағдарламаның тиімді жақтарын түсіндіріп, кәсіподақ мүшелеріне қатысты ақпараттардың толық қамтылуы туралы түсіндірді.
Жетісу өлкесінің белсенділері пікірлерін білдіріп, аталған бағдарламаға қолдау танытты.
«Алматы облыстық білім, ғылым
және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің
жергілікті кәсіподағы» ҚБ баспасөз қызметі