БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
2022 жылғы 13-14 маусымда Б. Ахметов аттындағы педагогикалық жоғары колледжінің IT-технологиялар кабинетінде Павлодар облысы кәсіподақ ұйымдарының қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары мен бухгалтерлеріне цифрлық іс жүргізу және құжат айналымының пилоттық жобасын енгізу бойынша оқыту семинары өтті. Семинарға қатысушылардан бағдарламалық қамтамасыз етуді және есептік деректердің қауіпсіздік деңгейлерін енгізу және жаңғырту бойынша ұсыныстар келіп түсті.
Айта кету керек, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы республиканың 6 мүшелік ұйымында: Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстық ұйымдарында, сондай-ақ Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағында, Алматы қалалық ұйымында пилоттық жобаны іске қосу туралы шешім қабылдады.
Электронды құжат айналымы жүйесіне көшу Білім кәсіподағы жұмысын дамытудың жаңа кезеңі болып табылады. Электронды құжат айналымы жобасы цифрлық құзыреттіліктің кешенді міндетін шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Осы жүйені қолданудың өзектілігі туралы айта отырып, бұл Қазақстан нарығындағы құжат айналымын автоматтандырудың ең инновациялық платформасы екенін атап өткен жөн. AlmexECM бірегей визуалды редактор AlmexBPM© арқасында ұйымдағы кез-келген операциялық процестерді басқаруға мүмкіндік береді. Платформаның артықшылықтары: web – кіруді жүзеге асыру және бағдарламаны iOS және Android мобильді қосымшаларында пайдалану мүмкіндігі; OnlyOffice кіріктірілген online кеңсе редакторы бар; JasperReports есептерін құру модулі; құжаттарға қол қою модулін (ҚР ҰКО ЭЦҚ) пайдалану мүмкіндігі көзделеді.
Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі.