ОРАЛДА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 13 маусым күні Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында қалалық білім беру бөлімінің және Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Орал қалалық комитеті – филиалының ұйымдастыруымен, «Ізденіс. Даму. Нәтиже» атты Орал қаласының мектептері директорларының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларының семинары өтті.
Семинарда білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Индира Әміртаева қатысушыларды 2021-2022 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, 2022 - 2023 жылдарға арналған жоба түріндегі әдістемелік нұсқаулық өзгерістерімен таныстырды.
Семинар екі бөлім бойынша өтті. «Ақпараттық алаң» бөлімі бойынша әдістемелік кабинет әдіскері Анар Рахметова 2021-2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен ғылыми жоба, конкурстардың нәтижелелері туралы талдау жасап, жаңа оқу жылында бұдан да үлкен нәтиже көрсететіндеріне сенім білдірді.
«Ғажайып алаң» бөлімінде мектеп мұғалімдерінің аттестациядан өту және авторлық іс-тәжірибе тарату маңыздылығы және лауазымдық міндеттеріне сәйкес әдістемелік сұрақтар бойынша «Квест» ойыны өтікізілді.
Шара жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатындағы йога және Шаған өзеніне серуенмен жалғасты.
Салалық кәсіподақтың БҚО, Орал қалалық ұйымы