ОРАЛДА БӨБЕКЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Атамекен» балалар - жасөспірімдер туризмі және экология орталығында Әлеуметтік әріптестік жылы аясында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – филиалы ұйымдастыруымен, бөбекжайлардың кәсіподақ мүшелері арасында тимбилдинг өткізілді.
Батыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Марина Темірғалиева жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, арнайы шақырумен келген қонақтарға алғыс білдірді.
Орал қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинет әдіскері Тарас Қуанғалиев Тимбилдинге қатысушы командалар мен кәсіподақ мүшелерін құттықтап, кәсіподақ тек қана еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмей, өзара салауатты өмір салтын сақтауды кеңінен насихаттауға да қолдау көрсетіп жүргенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс бекітілген ереже бойынша, 6 команда арасында спорттық сайыстар және туристік сайыстар (скалодром, ескек есу) түрлері бойынша өткізілді.
Шара соңында Батыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – филиалының төрағасы Т.Темешев сөз сөйлеп, шараны өткізудегі басты мақсат - бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен әлеуметтік әріптестікті дамыта отырып, ұйымшыл ұжым қалыптастыру, командалық рухты шыңдап, бірлігін нығайту болып табылатындығын айтып, барлық қатысушыларды бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапаттады.
Салалық кәсіподақтың БҚО, Орал қалалық ұйымы