БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Балалар жылы» аясында кәсіподақ мүшелерінің балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында Қарақия ауданының жалпы білім беретін Құланды, Жетібай №3, №7, №8, Құрық гимназия мектептерінен және «Балауса» бөбекжайынан барлығы 70-ке жуық баланы 2022 жылдың 5-8 маусымы аралығында Ақтау қаласы «Лагуна» аквапарк ойын-сауық алаңына саяхатқа апарды.
Балалар аква паркте әр түрлі ойындар ойнап, бассейнде суға жүзіп өте жақсы демалды. Бұл демалыс балаларға шынайы күлкі, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Балалар нағыз балалықты сезіне алды. Ауыл баласы ашық аспан астында таза ауада, мөлдір суда табиғатқа деген маxаббатты, қоғамның балаға деген жылылығын, қамқорлығын, мейірімділігін сезінді, қаланың қызықтарына араласып, жаз мезгілінің қаладағы кереметтерінің куәсі болып келді.
Балаларға бақытты балалық шақ сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шара өз мақсатына жетті.
«Балалар жылы» аясында кәсіподақ мүшелерінің балаларына керемет көңіл - күй сыйлаған, демалысты ұйымдастырған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне ұстаздар, балалар және ата-аналар шексіз алғыстарын білдірді!
Мұндай шара облыс, аудан, қала филиалдарында да жалғасын таппақ.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы