«БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ!»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды – «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты 1-маусым халықаралық «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев, Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық сотының төрайымы Л.Шамгунова, Маңғыстау облысының білім басқармасы басшының орынбасары А.Тұржанова және қамқоршылық кеңес мүшелері мен демеушілер қатысты.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев балаларды мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, шаттық көңіл күй тіледі.
Ақтау қалалық «Оқушы Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі балаларға арнап мерекелік концерт ұйымдастырып, көңілді ойындар өткізді.
Мерекелік шараға келген қонақтар тәрбиеленушілерді халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға бақытты балалық шақ, мықты денсаулық, еліміздің білімді азаматтары болып өсуіне тілек білдірді. Келген қонақтар мен демеушілер балаларды құттықтап, сый - сияпаттарын тарту етті. Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Т.Байымбетова мектеп бітіруші 4 түлекке
сертификаттарын тапсырды.
Жүздері бал-бұл жанған балалар облыс әкіміне, білім басқармасына және демеушілерге сонымен қатар мекеме ұжымына өздерінің ризашылық көңілдерін алғыс сөздерімен, әуелеген әндерімен, әсем билерімен жеткізе білді.
Мекеме басшысы О.Наурызбаев келген қонақтарға және демеушілерге қамқоршылық кеңесі мүшелеріне алғыс білдіріп, марапаттады.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы