«ОЙШЫЛДАР. ТАПҚЫРЛАР» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының №4 жалпы білім беретін мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында біліктіліктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында аудан мектептерінің 4-сынып мұғалімдері мен директордың бастауыш сынып бойынша оқу-ісі меңгерушілері арасында өткен «Ойшылдар. Тапқырлар» математикалық жобасын қорытындылау аудандық шарасы өтті.
Жобаның жалпы мақсаты: жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сыныптарда оқытудың әдістемелік жұмыстарын талқылау, өзара тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Жобаға ауданымыздың бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушілері және 4 - сыныпқа сабақ беретін мұғалімдері қатыстырылды. Жоба барысында мұғалімдеріміз өздерінің білімдерін, шеберліктерін ортаға салды. 9 ай өткен жобада жоғары ұпай жинаған мұғалімдер білім бөлімінің дипломдарымен және Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің Мұнайлы аудандық филиалының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Жобаны өз деңгейінде өткізген бастауыш сынып бойынша құрылған Қауымдастық мүшелері білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Р.Текеева,
Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы.
Маңғыстау облысы.