БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДА – ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАҢА АКЦИЯСЫ!
Балалар – махаббаттың, шабыт пен мақтаныштың сарқылмас қайнар көзі, біздің бақытты бүгініміз және сенімді жарқын болашағымыз!
Ересектердің міндеті – балалық шақты қорғау және жан-жақты қолдау. 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасының басты идеясы.
Ал бүгін, Халықаралық балалар күні, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы 2021-2022 оқу жылындағы халықаралық және республикалық конкурстардың, жарыстардың, олимпиадалардың (күндізгі форматтағы) жеңімпаздары – кәсіподақ мүшелерінің балалары болып табылатын «Біздің жарқын болашағымыз!» атты жаңа акциясын бастайды.
Акция аясында біздің Instagram аккаунтымыздың беттерінде балалардың әрқайсысының жоғары жетістіктері туралы айтып береміз.
Ал, жергілікті кәсіподақтан акцияға қатысушы балаларға ынталандыру және қолдау ретінде жазғы демалысқа сыйлық жолдамалары береді!
Акцияға қатысушыларды және біздің барлық балаларымызды Халықаралық балалар күнімен және жаздың бірінші күнімен құттықтаймыз! Тамаша көңіл-күй, қуаныш пен шаттыққа толы тамаша жазғы демалыс тілейміз!