БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА
Семей қаласы «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жасалған «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай кәсіподақ ұйымы мүшелерінің балаларына арналған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара театрлық қойылымнан және спорттық жарыс пен сурет салу, шаш өру, бет бояу, кондитерлік өндіріске саяхат бағыттарынан құралды. Жарыс спорт залда өтсе, театрлық қойылым колледждің 1 қабатындағы дәлізде тамашаланды.
Іс-шараға жауапты колледж ұйымдастырушылары белсене атсалысып, өз үлестерін қосты. Сонымен қатар білім алушылар өздерінің мамандықтарына сәйкес, мысалы: «Шаштараз өнері», «Кондитер», «Дизайнер» салалары бойынша өз өнерлерін көрсетіп, жоғары деңгейде белсенділік танытты.
Барлық балаларға асханада фуршет ұйымдастырылып, тәттілер таратылды. Өз қолдарымен өрнектеген кондитерлік өнімдерді мерекелік дастарханға қойып, барлығы дәм татты. Салтанатты мерекелік іс-шара өз деңгейінде тамаша да әсерлі өтті. Балаларымыз бүгінгі іс -шарадан естен кетпестей ертегі әлемінде болғандай ғажайып көңіл-күй мен ерекше әсер алды деп ойлаймын. «Балалы үй базар» демекші, әр шаңырақтан баланың сыңғырлаған үні, былдырлаған бал тілі кетпесін!
С.Канапиянова,
«Бизнес және сервис»КМҚК-нің
кәсіподақ төрайымы.