ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖЫЛЫНДА КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАҢА ЖИНАҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ!
Кәсіподақ мүшелері: қызметкерлер де, жұмыс берушілер де Қостанай облысы жергілікті білім беру кәсіподағының заң клиникасына төмендегідей сұрақтармен жиі жүгінеді:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін басшылыққа алуға болатын кезде, әлеуметтік әріптестік туралы келісім мен Ұжымдық шарт не үшін қажет?
ҚР заңнамасына сәйкес, ҚР Еңбек кодексі басқа нормативтік құжаттарға қарағанда жоғары тұрады, еңбек қатынастарында жұмыс беруші мен қызметкерге Келісім мен ұжымдық шартты пайдалану құқығы беріле ме?
Келісім мен ұжымдық шарттың Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен артықшылығы қандай?
Осы сұрақтардың барлығы кәсіподақ заң клиникасының басшысы Н.В. Суворовты «Әлеуметтік әріптестік туралы келісімге және ұжымдық шартқа сәйкес еңбек құқығының жекелеген нормаларын іске асыру» жинағын әзірлеуге итермеледі, осы жинақпен біздің бірлестіктің барлық кәсіподақ ұйымдары тегін қамтамасыз етіледі.
Бұл жинақта Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың барлық қызметкерлеріне, ал Келісім белгілі бір облыстың, біздің жағдайда Қостанай облысының білім қызметкерлеріне ғана қолданылатынын көрсетеді.
Келісім және ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін құқықтар мен кепілдіктерді белгілейді, керісінше жағдайда - олар жарамсыз деп танылады және қолдануға жатпайды.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 10-бабына сүйенсек, ҚР ЕК құқықтық актілерінің заңды күшінің арақатынасы тек Келісім мен ұжымдық шартта көрсетілген қызметкерлердің жағдайын нашарлауы бөлігінде ғана Келісім мен ұжымдық шарттан жоғары.
Жинақ ҚР ЕК мен Келісім ережелерінің салыстырмалы кестелерін қамтиды, бұл оны пайдалануға ыңғайлы етеді.
Әрине, бұл тек қызметкерлер үшін ғана емес, әлеуметтік әріптестеріміз – жұмыс берушілер үшін де керекті анықтамалыққа айналады және еңбек дауларын шешу, алдын алу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттырады.