КЕЛIСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРIНЕ АРНАЛҒАН КУРСТАР БАСТАЛДЫ!
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (159-б, 8-т) сәйкес Келiсу комиссиясының мүшелерi жыл сайын оқудан өтуге мiндеттi екенi белгiлi.
Осыған байланысты білім және ғылым қызметкерлеріның Қостанай облыстық жергілікті кәсіподағы екінші жыл қатарынан облыстың бiлiм беру ұйымдарында қызметiн жүзеге асыратын келiсу комиссияларының мүшелерi үшiн «Келісу комиссиясы. Еңбек дауларын шешу тәртiбi» атты тегін курстар өткізуде.
Бүгін Қарабалық, Б. Майлин, Федоров аудандарынан, Арқалық, Рудный қалаларынан алғашқы жиырма тыңдаушыға сертификаттар берілді! Барлығы 100-ден астам адамды оқыту жоспарланып отыр.
Келісу комиссияларының қалған мүшелерін оқытуды сертификат алған адамдар каскадты тәсілмен жүзеге асыратын болады.
Келісу комиссиясының мүшелері өткен жылы теориялық білімнің негізгі арсеналын алғандықтан, қазіргі курстар тәжірибеге көбірек бағдарланған.
Тыңдаушылардың пікірлері бойынша, курстар «қызықты, пайдалы, нәтижелі, қажетті» т.с. с болып өткізілді.
Курстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі, мазмұндылығы бойынша үлкен жүктеме жүктелген Жергілікті кәсіподақ заң клиникасының басшысы Нина Владимировна Сувороваға көптеген алғыс сөздер айтылды.
Келісу комиссияларының сертификаттарын иеленгендерді шын жүректен құттықтаймыз және оларға алған білімдерін тәжірибеде табысты қолдануларына тілектеспіз!