ТҮРКІСТАНДА КЕЛІСУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін, 27 мамырда, Түркістан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлы, Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаеваның қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беру колледждері бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Келісу комиссиялары мүшелеріне арналған семинар өткізілді.
Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева семинарға қатысқандарға «Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы туралы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Еңбек дауларында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу кәсіподақтардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Сонымен қатар, Келісу комиссиясын құрудың және оның қызметінің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Өз кезегінде Облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдуллаұлы семинарға қатысушыларға Еңбек кодексінің 159-бабының 8-тармағына сәйкес, Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, еңбек дауларында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайынғы оқытудан өтуге міндетті екендігін атап өтті. Семинарда айтылған ұсыныстар қарастырылатынын және алдағы уақытта басқа да педагогтар өздерінің сұрақтарына жауап алатындығын атап өтті.
Кездесу соңында ұстаздар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.