«ЕЛ ЕРТЕҢІ – БҮГІНГІ ҰРПАҚ»
Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 25 мамыр күні «Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ» атты салтанатты жиын өтті.
Шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы, Түркістан қаласы химия-билогия бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Жандос Шайдуллаұлы, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Амангелдіқызы, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Жиында мектеп директоры Балқан Маратұлы алғысөз сөйлеп ашып, облыс орталығындағы Зияткерлік мектептің түркістандық оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуда оң бетбұрыс әкелгенін атап өтті.
Жандос Шайдуллаұлы Түркістан облысындағы Назарбаев зияткерлік мектебінен түлеп ұшқалы отырған алғашқы түлектерді мерекемен құттықтап, сәт-сапар тіледі.
Салтанатты жиын соңында түркістандық зияткерлерге мектепте дәстүрлі түрде тұңғыш рет соңғы қоңырау соғылды.