«БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖАЙЛЫ БОЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
Павлодар қаласының №16 лицейінде Павлодар облысы балабақшаларының басшыларына арналған «Балабақшада баланың психологиялық тұрғыдан жайлы болуына жағдай жасау» тақырыбында семинар - тренинг өтті.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Жаркенова ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру және педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары туралы айтып берді.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы Әйгерім Сәбитова мектепке дейінгі ұйым педагогтарының заңды жауапкершілігі және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсіндірді.
«Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы педагог-психологтардың жұмыс тобының өкілі Валентина Шамсутдинова баланың балабақшада жайлы және үйлесімді болуының кепілі ретінде тәрбиешінің психикалық денсаулығын сақтау әдістерімен бөлісті.
Екібастұз қаласының № 1 бөбекжай-балабақшасының «Ромашка «Дамыту орталығының» басшысы Татьяна Шмидт балабақшадағы педагогтардың эмоционалдық шаршау синдромының факторы ретінде мектепке дейінгі ұйым басшысының копинг-тәртібінің мәселелерін атап өтті.
Тренинг соңында балалардың балабақшада жайлы болуы бойынша ұсыныстар берілді.