АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚПЕН
2022 жылғы 5 маусымда елімізде референдум өтеді. Штаб мүшесі, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Гүлбарам Әуезханқызы Науразбаева облыстың білім беру қызметкерлері ұжымдарымен кездесіп, референдум ұғымын және дауыс беруге шығарылатын негізгі жаһандық мәселелерді түсіндіруде.
Осындай кездесулер, Баянауыл, Шарбақты және Ертіс аудандарының қызметкерлерімен осы мәселелерді талқылап және бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделеріне бағытталған дұрыс шешімді таңдауға белсенді қатысу бойынша өткізілді.
Ардагерлер де қоғамның маңызды бөлігі болып табылады, олар немерелері мен шөберелері тұратын елдің тағдырына бей-жай қарамайтыны анық.
Гүлбарам Әуезханқызы қазіргі уақытта «Нефтехимик» профилакторийінде демалыста жүрген педагогикалық еңбек ардагерлерімен де кездесті.
Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының қатарында 5920 астам педагогикалық еңбек ардагері бар, олардың 1-і 2-ші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.
Қоғамдық бірлестіктің, ардагерлер ұйымдары мен кәсіподақтардың бірлескен қызметі ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетуге ғана емес, оларды белсенді қоғамдық, тәрбие жұмысына тартуға, өзінің бай өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруге, ұрпақтар сабақтастығын, дәстүрлер мен инновациялардың үйлесімін қамтамасыз етуге, ардагерлердің тәжірибесін барлық бағыттар бойынша кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Ардагерлердің тәжірибесін, педагогикалық шеберлігі мен даналығын қазіргі заманғы үрдістермен және жаңашыл идеялармен ұштастыруға ҚБ филиалдарының, қалалық және аудандық кәсіподақ ұйымдарының білім беру органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, ардагерлер кеңесімен, басқа да қызметтермен жақсы жолға қойылған әлеуметтік әріптестік жүйесі көмектеседі.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі 2022 жылғы 11-20 мамыр аралығында облыстың педагогикалық еңбек ардагеріне (барлығы 40 адам) «Нефтяник» профилакториінде сауықтыруға жолдамалар сатып алды.
Бұл мақсатқа кәсіподақ бюджетінен 4 млн 440 мың (төрт миллион төрт жүз қырық мың) теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Мейірімді дәрігерлер, қызметкерлер, ыңғайлы жағдайлар, дұрыс тамақтану – мұның бәрі кешенді емдеуге, денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған.
«Нефтехимик» профилакторийінде ардагерлер өте таза, жайлы нөмірлерге орналасты. Әр бөлмеде теледидар, желдеткіш, душ және тоңазытқыш бар. Терезеден Ертіс өзенінің көрінісі демалушылардың денсаулығы мен көңіл-күйіне жағымды әсер етті.
Демалыс бағдарламасында Ж.Аймауытов атындағы театрдан «Қызыл гүлдер» спектаклін, А. П. Чехов драма театрындағы «Оскар» спектаклін тамашалау болды.
Тереңкөл ауданының ҚБ филиалы педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған концерттік бағдарламасын ұсынды. Мереке соңында ардагерлерге мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды.
Ардагерлер алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Аштаева К.Е., Павлодар қаласы:
- Ардагерлер барлық медицина қызметкерлеріне, асхана қызметкерлеріне, санаторий қызметшілеріне жылы ықыласы мен мейірімді қарым-қатынастары үшін алғыс білдіреді. Демалу мен толық сауығу үшін нақты жағдайлар жасалды. Барлық ардагерлер атынан «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне қамқорлығы мен ықыласы үшін Алғыс білдіреміз.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ
-----------------------