БІЗДІҢ АРДАГЕР
Чернышов Вячеслав Владимирович 1926 жылы 8 тамызда дүниеге келген.14 жастағы бала Вячеслав кеме зауытының жанындағы ФЗО мектебіне түседі. Мектепті бітіргеннен кейін слесарь-құрастырушы болып жұмыс істейді. 1944 жылы Павлодар қалалық әскери комитетіне (18 жасқа толмаған) шақырылады. Алғашқы дайындық курстар аяқталған соң 1-ші Белорус майданына жіберілді.
Польша үшін шайқастарға қатысып, содан кейін Берлинді алды.
Германияда Кеңес әскерлерінің құрамында 1949 жылға дейін қызмет етті.
Кейін Белоруссияға ауыстырылды. Офицер - десантшы, ауа-десантшылар әскерінің капитаны, ол парашютпен 76 рет секірді.
Вольск әскери училищесінде (1945-1953жж.) болашақ дисантшыларды тәрбиеледі.
Демобилизациядан кейін 1957 жылы Полоцский пединститутын бітірді.
Павлодарға оралған соң, №1 ЖОМ орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі , №7 ЖОМ оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Лозовский орта мектебінің директорының орынбасары болып, Успен ауданының Дмитровский мектебінің директоры болып жұмыс істеді . Одан кейін Вячеслав Владимирович Павлодар қаласы ПТ-16 директорының орынбасары болып, одан зейнетке шықты. Жалпы педагогикалық өтілі (әскери училещемен)-46 жыл.
Жауынгерлік еңбегі үшін Вячеслав Владимирович Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, « Германиядағы жеңіс үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдерімен , мерейлік медальдермен марапатталды. Қазақ КСРО ағарту ісінің үздігі. Бізге бейбіт өмір сыйлаған адамның өмірбаянынан қарапайым фактілері.
Сол соғыстағы батырлардың арқасында біз ашық аспан астында өмір сүріп жатырмыз.
Ұлы Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында құрметті ардагерімізді мерекемен құттықтаймыз! Шын жүректен мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Сіз үшін ең маңызды марапат - жадымыздағы ризашылық.
Адамзат үшін жасаған сіздердің ерліктеріңіз мәңгі біздің есімізде қалады!
Г.Науразбаева,
«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы.