САХНАДА – ҰСТАЗДАР
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің акт залында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен «Егемен еліміздің еңселі ұстаздары» атты білім және ғылым қызметкерлері арасындағы көркемөнерпаздардың облыстық байқау-фестивалі өтті. Өнер сайысына қала және аудандардан жеңімпаздар болып табылған 100-ден астам ұстаздар мен қызметкерлер келді. Құрамында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік Махамбет сыйлығының иегері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық М.Өтемісов атындағы драма театрының актеры Төлеген Жангелдиев, Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Исатай ауданының Құрметті азаматы әнші-композитор Гүлмайдан Сүндетқызы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының «Хореография» кафедрасының меңгерушісі Сауле Жаскеленова, республикалық байқаулардың жүлдегері, «Фариза жұлдыздары» жас ақындар клубының белсенді мүшесі Назира Әшім, «Д.Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің академиялық ән салу мамандығының оқытушысы Мырзабек Каримуллаевтар бар Қазылар алқасы сараптаған өнер сайысы 4 номинациядан тұрды. Атап айтқанда, дәстүрлі ән, көркем сөз (поэзия, проза, драма), хореграфиялық би және эстрадалық ән.
Фестивальдің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы өнер сайысының мақсаты мен мәніне, байқаудың шарттарына тоқтала келіп барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқаудың қорытындысымен төмендегі қатысушылар фестиваль жеңімпаздары болып табылды:
«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша: Айнагүл Базарова, Исатай ауданы, Ш.Шәріпов балалар саз мектебінің мұғалімі – бірінші орын, Айбол Бағытжанұлы, Жылыой ауданы, Т.Құлтумиев атындағы саз мектебінің мұғалімі – екінші орын, Олжас Төлебаев, Махамбет ауданы, О.Шонаев атындағы орта мектебінің және Руслан Исмагулов, Құрманғазы ауданы, Дәулеткерей Шигайұлы атындағы саз мектебінің мұғалімдері – үшінші орынды бөліссе, Гүлсім Оразаева, Атырау қаласы, № 59 «Ақбөбек» бөбекжай бақашасының тәрбиешісі «Жезтаңдай әнші» атағына ие болды.
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Шатгүл Сәкенқызы, Қызылқоға ауданы, Б.Аманшин атындағы орта мектебінің мұғалімі – бірінші орын, Малика Мырзағалиева, Жылыой ауданы, № 1 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі – екінші орын, Салтанат Избасарова, Индер ауданы «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі және Булан Нұрғалиев, Махамбет ауданы, О.Шонаев атындағы орта мектебінің мұғалімі – үшінші орынды бөліссе, Исатай ауданы, «Қарылғаш» балабақшасының ұжымы қойған драмалық қойылымы «Мәнерлеп оқу шеберлері» атағына ие болды.
«Хореграфиялық би» номинациясы бойынша: Индер ауданы Жамбыл атындағы орта мектебінің «Шабыт» бишілер тобы (4 жігіт пен 4 қыз) – бірінші орын, Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің «Ұстаздар» бишілер тобы – екінші орын, Зергүл Сафи, Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта және Алтынгүл Берегенова, Қызылқоға ауданы Миялы өнер мектептерінің мұғалімдері – үшінші орынды өзара бөліссе, Жылыой ауданы «Балдәурен» бөбекжай бақшасының бишілер тобы «Көрермен көзайымы» атағына ие болды.
«Эстрадалық ән» номинациясы бойынша: Әсемгүл Ерғазиева, Мақат ауданы «Балбөбек» бөбекжай бала бақашасының тәрбиешісі – бірінші орын, Нұржанат Нұрболатқызы, Қызылқоға ауданы «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі – екінші орын, Тимур Нұрмағамбетов, Индер ауданы «Көктем» қазақ орта және Бибінұр Шакимова, Махамбет ауданы З.Ещанова атындағы өнер мектептерінің мұғалімдері – үшінші орынды бөліссе, Мирас Махмуд, Исатай ауданы Жанбай саз мектебінің мұғалімі «Халық таңдауы» атағына ие болды.
Фестивальге қатысушылардың барлығы «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің Алғыс хаттарымен марапатталса, ал жеңімпаздарға арнайы дипломдар және сертификаттар табыс етілді.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ
-
Фото
-