ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?
Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы тарапынан Зайсан ауданында ұйымдастырылған шаралар бірнеше күнді қамтыды.
«Қалың қалай, бастауыш?» атты акция шеңберінде кәсіподақ өкілдері аудан бойынша 10 шақты мектеп және балабақша ұжымдарымен бетпе-бет кездесіп, қолдауды немесе тереңірек зерттеуді талап ететін мәселелерді құзыретті органдармен бірлесіп шешу бағыттарын талқылады.
Кездесу соңында, кәсіподақ тарапынан қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдаудар барысында еңбек құқықтары, еңбек шарты, еңбекақыдағы мәселелер және басқа да кәсіподақ мүшелерінің жеке сұрақтарына жауап берілді, өтініштер, арыздар назардан тыс қалмайтындығы айтылды.
Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сай сотқа жүгінер алдында еңбек дауларын қарайтын құзіретті орган - Келісім комиссияларының мүшелеріне арнайы «Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» атты 4 сағаттық бағдарлама аясында оқыту жүзеге асырылды. Семинарға Келісу комиссиясының 140 мүшесі қатысты. Еңбек адамының құқығын Заң аясында қорғау алдымен осы органнан басталатынын ескерсек, бұл органның құқықтық сауаттылығын оқыту арқылы тиімді деңгейге көтеру уақыт талабы. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Зайсан өңіріндегі апталық соңында «Әр ұстаз - өз шәкіртіне үлгі» ұранымен облыстық спартакиаданың аймақтық жарысы өтті. Аймақтық іріктеуге Тарбағатай, Күршім, Зайсан аудандарының білім саласының кәсіподақ ұйымының мүшелері арасында волейболдан және үстел теннисінен жарыс өтті.
Үстел теннисінің жеңімпаздары Дипломмен және ақшалай сыйақымен марапатталды. I және II орын иеленген Зайсан, Күршім аудандарының кәсіподақ командаларына 2022 жылдың мамыр айында өтетін Облыстық спартакиаданың финалына жолдама табысталды.
-
Фото
-