ҰСТАЗ ТАЛАБЫ ОРЫНДАЛДЫ
Талап арыз иесі «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіне 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылында жалақыны есептеу кезіндегі қосымша сағат жүктемесіне, каникул кезіндегі сауықтыру қаражаты, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізгені үшін төленетін қаражаттары дұрыс есептелмегендігіне шағым түсірген болатын.
Бұл іспен облыстық салалық ұйымның заңгері Ю.А. Айбосынова жете айналысты, қорытындысында сот алдындағы медиация рәсімі бойынша тараптар өзара келісімге келді.
2022 жылдың 11 сәуірі күні Индер аудандық сотының ұйғарымымен аталған келісім бекітілді. Азаматша А.Н. Кенжеғалиеваға Атырау облысы білім басқармасының «С.Сейфуллин атындағы орта мектептің» мемлекеттік коммунальдық мекемесінен талап еткен тиісті 162 034 теңге қаражаты төленді.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ