БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың сәуір айының 5 күні Семей қаласы, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК акт залында бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысы өткізілді.
Колледж ұжымымен кездесуге «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Семей аумақтық ұйымы» ҚБ төрағасы Ибраев Сәбит Молдатьяұлы және заңгері Куюбаев Әлімбек Истайұлы қатысты.
Кездесу барысында «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Семей аумақтық ұйымы» ҚБ төрағасы С.М.Ибраев: Қазіргі таңдағы біздің қызметкерлеріміздің тарапынан қойылатын сұрақтар, «Кәсіподақ не үшін керек?», «Бізге не беріп жатыр?» сықылды сұрақтарға жауап берді.
С.М.Ибраев түсіндірме жұмыстары мен кеңестер, әлеуметтік еңбек қатынастарын қорғаудағы кәсіподақтың рөлі туралы айтып, білім беру деппартементімен бекітілген келісім және ұжымдық шарттың ролі, ал оның орындалысын қадағалап отыру бастауыш кәсіподақ ұйымының құзырында екендігін атап өтті.
Кәсіподақ қоғамның бөлінбес бөлшегі екені даусыз. Кәсіподақтардың негізгі міндеттері яғни олардың басты функциясы - еңбек және еңбекпен байланысты қатынастар саласында қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырумен байланысты.
Кездесу сындарлы жағдайда өтті, қатысушылардың көптеген өзекті сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
С.Қанапиянова,
«Бизнес және сервис колледжі» КМҚК
кәсіподақ ұйымының төрайымы.
-
Фото
-