МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ
Ағымдағы жылдың наурыз айының 29-30 күндерінде Атырау облысы Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің басшыларына арналған көктемгі каникулдық мектеп жұмысына орай семинар ұйымдастырылды. Семинарға 200-ге тарта мектеп директорлары қатысты.
Бұл жиында белгіленген жоспарға сәйкес «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Айбосынова Юлия Аманкелдіқызы «Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасын тәжірибеде қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер тарапынан болған сұрақтар мен ұсыныс-тілектерге облыстық салалық ұйым төрағасы Сүндетұлы Қылышбай жауап берді.
Кездесу білім беру ұйымдары басшыларымен әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытында жасалған мазмұнды шара болды.
-
Фото
-