БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ
2022 жылдың 30 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысының, Аягөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері қәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Аягөз қаласындағы К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде білім қызметкерлері арасында командалық ой ойындары (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ) жарысы өткізілді.
Мақсаты:
- аудан көлемінде шахмат,тоғызқұмалақ, дойбы ойындарын дамыту;
- ұстаздар арасында дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау;
- спортшылар арасында тәжірибе алмасу және спорттық дәрежесін көтеру;
- дене шынықтыру мен спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Төрешілер үздік командалар мен үздік ойыншыларды анықтады.
Үздік ойыншылар:
- «Үздік шахматшы»- Е.Әбікенов (О.Менаяқұлы атындағы ОМ);
- «Үздік дойбышы» -М.Райымбеков (№ 4 ЖББ аралас ОМ);
- «Үздік тоғызқұмалақшы»- Б.Семинарұлы (МЖЖББО № 6 ОМ).
Шиеліністі ойында командалық жарыс қорытындысы бойынша І орынды О.Менаяқұлы атындағы орта мектебінің командасы, ІІ орынды № 4 орта мектебінің командасы, ІІІ орынды «Мектеп жанындағы жалпы білім беретін орта № 6 мектебі» КММ командасы иеленіп, аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кубогымен, медальдарымен, бағалы сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
С Ещанова,
ШҚО, Аягөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы.
-
Фото
-