ҰСТАЗДАР ДҮБІРЛІ ДОДА АЛАҢЫНДА
Дәстүрге айналған шара жалғасын тапты. Ұстаздардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалы мен Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы бірлесіп, Наурыз мейрамына орай мұғалімдер арасында волейболдан қалалық турнирін ұйымдастырды.
Жарыстың ашылу салтанатында Ломоносов атындағы №5 орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бауыржан Айтбаев шараға қатысушыларды сапқа тұрғызып, филиал төрағасына баяндама жасады. Мэлс Төлепбергенов те өз кезегінде ұстаздарды мерекемен құттықтап, жарысты ашық деп жариялады.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, турнирдің бас төрешісі Қайрат Берікболов ойын ережесін таныстырды. Командалар арасында жеребе тартылып, топқа бөлінді. Шараға қаладағы 9 мектептен 16 команда қатысуға өтініш білдірді. Жарыстың алғашқы күнінде қатысушылар өзара достық кездесулер өткізіп, мықтыларды анықтады.
Ал, екінші күні финалға жолдама алған командалар үздік үштікке таласты. Шара соңында Талықорған қалалық филиалының төрағасы Мэлс Төлепбергеов барша қатысушыға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.
Екі күнге созылған жарыстың нәтижесінде ерлер арасында:
І орынды Н. Островский атындағы №8 орта мектебі;
ІІ орынды А. Макаренко атындағы №6 орта мектебі;
ІІІ орынды М. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі иеленді.
Ал, әйелдер арасында:
І орынды Еркін ауылындағы №26 орта мектебі;
ІІ орынды Еңбек ауылындағы №22 орта мектебі;
ІІІ орынды №9 орта мектебінен келген команда еншіледі.
Жеңімпаздарға қалалық кәсіподақ филиалының дипломы, кубогі және қаржылай сыйлығы табысталды.
«Алматы облыстық білім,
ғылым және бюджеттік ұйымдар
қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы»
ҚБ баспасөз қызметі