ҰЛТТЫҢ БІРЛІГІ – ЕЛІМІЗДІҢ ТАБЫСТЫ БОЛУЫНЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ
Ағымдағы жылдың 16 наурызында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысында, Қазақстан xалқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын жариялады. Жолдау халыққа расында серпіліс, сенім сыйлады. Президент өз Жолдауында елімізді күтіп тұрған өзгерістерге тоқталып, жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттерін іске асыруға бағытталған жоспарларымен таныстырды.
Парламенттің рөлін күшейтіп, сайлау жүйесіне қатысты нақты өзгерістерді атап өтті. Мемлекет басшысының барлық бастамалары өзекті. Енді жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолында бәріміз аянбай еңбек етуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел тарихындағы ерекше бастамаларға, оңды өзгерістерге толы кезеңнің бастауы болды деп санаймын.
Мен, Президенттің қазақстандықтарға айтқан өмір сүру сапасын арттыру және ел ішіндегі тұрақтандыру идеяларын қолдаймын. Ұлттың бірлігі – еліміздің табысты болуының басты факторы. Халық “Келісім қайда болса, бақыт та сонда” деп бекер айтпаған.
Біздің күшіміз – бірлікте! Осы қиын сәтте елге үміт отын ұялатқан Жолдау іске асып, болашағымыз жарқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
А.Мустафин,
Нұра ауданының білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Қарағанды облысы.