«Кәсіподақ: кеше, бүгін, ертең» стратегиялық сессиясы
Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 2022 жылғы 14-17 наурыз аралығында «Кәсіподақ: кеше, бүгін, ертең» стратегиялық сессиясын өткізді.
Көшпелі сессия жұмысына қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының бас есепшісі Гүлзира Аманжолқызы Тоқабаева, қоғамдық бірлестіктің қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары мен есепшілері қатысты.
Елімізде болып жатқан өзгерістер өз түзетулерін енгізеді және кәсіподақ ұйымының орны мен рөлін ой елегінен өткізуді талап етеді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы, стратегиялық сессияның модераторы Науразбаева Гүлбарам Әуезханқызы жобалық жұмысты бастамалаудың және жоспарлаудың инновациялық формасын апробациялады. Нәтижесінде ұйым дамуының стратегиялық көрінісі қалыптасты. SWOT-талдау әдісімен сессияға қатысушылар ұйымның ішкі және сыртқы ортасының факторларын анықтап, оларды төрт санатқа бөлді: күшті және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қауіптер.
Үш модульдік топ келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады:
1. Кәсіподақ менеджменті және кәсіподақ мүшелігін ынталандыру.
2. Әлеуметтік серіктестік-өзара әрекеттесудің синергиясы.
3. Қаржылық саясат және кәсіподақ бюджетін тиімді жұмсау.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін фасилитаторлар Арынова Алма Файзрахмановқызы, Джаркенова Гүлшат Оралқызы, Қабдығали Жұлдыз Дүйсенбекқызы пікірталасты басқарды, оң топтық динамиканы қолдады, талқылаудың жемісті болуына ықпал етті.
Кәсіподақ бюджетін, салалық кәсіподақ ұйымдарында бірыңғай есеп саясатын қалыптастыру блогы тиімді пысықталды.
Гүлзира Аманжолқызы сессия қатысушыларының назарын заңнамалық актілердегі өзгерістерге, сондай-ақ жаңа цифрлық технологияларды енгізу және қолма-қол ақшасыз есепке алу туралы аударды. Сессия қатысушыларының барлық сұрақтарына жауап берді. Қабдығали Жұлдыз Дүйсенбекқызы кәсіподақ бюджетін және ұйымның бірыңғай есеп саясатын қалыптастыру бойынша материалдарды егжей-тегжейлі баяндап берді.
Одан әрі кәсіподақ мүшелерін сауықтыру туралы ақпаратпен Қабдығали Әсем Жасұланқызы сөз сөйледі. Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бухгалтері Дина Жұмабекқызы Ержанова өз сөзінде жалақыны есепке алу және салық салу бойынша өзгерістерге назар аударды.
Стратегиялық сессия бұл топтық іс-әрекет, нәтижесінде қатысушылар жобалық бастамаларды қалыптастырды. Сессия аясында әлеуметтік белсенділіктің креативті марафоны - кәсіподақ хакатоны өтті.
«Ой-талқы» арқылы стратегиялық сессияның негізгі мақсаттарына қол жеткізілді. Бұл инновациялық идеяларды қалыптастырудың тиімді құралы.
Сессия бағдарламасында команда құру тимбилдингі өткізілді.
Жаңа көзқарастар, нақты жаңа жобалар және кәсіподақ ұйымының инновациялық дамуы модератор мен фасилитаторлардың жоғары бағасына ие болды. Ұсынылған жобалар Қорғаушы, Union future, кәсіподақ коворкинг орталығы және басқалары Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының қызметіне білім және ғылым қызметкерлерін енгізу бойынша ұсынылды.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі