НАУРЫЗ ЖЫЛУЫ
Наурыз – ізгілік пен қайырымдылықтың бастауы. Білім кәсіподағы жабырқағанның жанынан табылуды қашанда ұстаным етіп келеді. Осы орайда Салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық ұйымы Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы дәстүрлі «Наурыз жылуы» акциясын бастады.
Облысы бойынша салаға тікелей қарасты барлық облыстық мекемелерге атап айтқанда: кәсіптік –техникалық колледждер, арнайы мектеп-интернаттары, оңалту орталықтарындағы сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына қарай әрбір мекеме ұсыныстарына сәйкес азық-түліктер таратылды.
Алдағы күндері акция барлық аудандарда жалғасын тауып, азық – түлік қоржындары үлестірілетін болады. Барлығы 600 - ден аса отбасын қамту жоспарланып отыр.
Игі істердің қарқыны алдағы уақытта жоспарға сай жалғасын таба береді.
Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқығын қорғау, әлеуметтік жағдайы бойынша көмек беру назардан тыс қалмайды.