СЕМИНАР БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні мектеп директорлары мен директор орынбасарлары арасында Ақтау қалалық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымымен бірлесе ұйымдастырылған "Арнайы орта және жоғары педагогикалық білімі бар педагогтың біліктілік деңгейін анықтау" тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығының мұрағат нұсқасы мен қолданыстағы нұсқаның айырмашылықтарын ескере отырып қолдану.
Семинарды құқықтық қорғау маманы Н.Храмова жүргізіп отырды. Біліктілікке қойылатын талаптардың еңбекақы төлемі үшін маңызды екендігі және 2009-2020 ж. аралықтағы нұсқаларына жан – жақты түсініктер берілді. Семинардың екінші бөлімі практикалық түрлі сауалдарға, мысалы: екі дипломы болған жағдайда, біліктілік санаттар, диплом алған уақыттары т.б.нұсқада сұрақтар дайындалып, әдістемелік ұсыныстарды қолдана отырып сұрақтар талқыланды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Баймбетова 2022 жыл «Әлеуметтік - әріптестік» жыл деп аталғандығын айта келе, біздің негізгі мақсатымыз – кәсіподаққа заңмен берілген құзіреттер негізінде кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау. екенін ерекше атады.
Салалық келісім, екіжақты келісім мен ұжымдық шарттардың рөлі жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы басты нормативтік құжат болатындығына нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңы сұрақ-жауап сағатына ұласып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
К.Еңсегенова,
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымы»ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының төрайымы