ОҚЫТУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Қызылорда облысының білім басқармасының 07.02.2022 жылғы №17 НҚ/1 және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің 07.02. 2022 жылғы №24 НҚ кәсіби байқаулар мен спорттық жарыстар өткізу туралы бірлескен шешіміне сәйкес ағымдағы жылдың 01-02 наурыз күндері аралығында 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары оқытушылары арасында (қыздар) волейболдан дәстүрлі облыстық жарыс мересіне жетті.
Жарысқа техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарынан 10 командадан 120-ге жуық оқытушылар катысты. Жарыстың ашылу салтанатында комитет төрайымының орынбасары Гүлнұр Сабырқызы және Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының директоры Әбенғалиев Бауыржан Игенбайұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шараның мақсаты: ұстаздар арасында волейбол ойынын облыс көлемінде одан әрі дамыту. Колледж оқытушыларын дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға насихаттау.
Салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартып, волейбол ойыны негізінде олардың денсаулығын нығайту болып табылады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын: Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі;
2 орын: М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі;
3 орын: Қызылорда көпсалалы жоғары колледжі.
НОМИНАЦИЯЛАР:
Үздік ойыншы: Нарымбетова Әсел
(Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі)
Үздік шабуылшы: Ерниязова Маусымжан
(М.Мәметова ат Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі);
Үздік тосқауылшы: Қалдыбаева Фарида
(Шиелі индустриалды аграрлық техникалық колледжі);
Үздік төреші: Ахметжан Нұрасыл;
Үздік нәтижелі ойыншы: Әжмолдаева Ақмарал;
Үздік команда жетекшісі: Тайжанов Сәбит
(Қызылорда көпсалалы жоғары колледжі).
Жүлдегерлер мен жеңімпаз командаларға, сонымен қатар үздік ойын көрсеткен ойыншыларға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінен бағалы сыйлықтар және жеңімпаз командаға облыстық білім басқармасының ауыспалы кубогы тапсырылды.
Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ комитеті