ӘЛЕМДІ ӘЛДИЛЕГЕН АНАЛАР
Бүгін осы тақырыпта «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық комитеті» филиалының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынның ашылуында қалалық филиалдың төрағасы Б.Ғ. Мусағали құттықтау сөз сөйледі. Төраға өз сөзінде қалалық кәсіподақ ұйымының жұмысындағы оң өзгерісті жұмыстарға қысқаша тоқтала кетіп, биылғы жылы жүзеге асырар міндеттерді баяндады.
Жиында келесі сөз алған облыстық салалық ұйымның төрағасы Қ.Сүндетұлы Төтенше жағыдай кезінде еселі еңбек еткен барша білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге Алғыс айтты.
Мерекелік шараға қатысқан 50 кәсіподақ белсенділеріне қалалық ұйым атынан Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік шара соңы көркемөнерпаздардың көңілді концертіне ұласты.
Салалық кәсіподақтың Атырау облыстық ұйымы