КӘСІПОДАҚ ЕҢБЕК АДАМЫМЕН БІРГЕ
«Алғыс айту» күніне орай Қызылорда облысының Арал аудандық білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту-парызым» атты мерекелік кеші болып өтті.
Шарада мектеп саласында еңбек ететін техникалық қызметкерлердің мерейі үстем болып алғысқа бөленді. Мектеп ауласынан бастап ішкі бөлмелеріне дейін күнделікті тазалығына жауапты сала қызметкерлеріне барша бүлдіршіндер алғысын білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды.
Жыл сайын кәсіподақ жанынан құралған Жастар кеңесі кіші қызметкерлердің бір күндік жұмысына жәрдемдесіп келеді. Бұл үрдіс жас мамандарды «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетуге жетелейтіні анық.
Шара барысында техникалық қызметкерлер Алғыс хатпен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда облысы, Арал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті