ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ МЕН КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымы Облыстық Атқару Комитеті, кеңес мүшелерімен кездесуі өтті.
Ағымдағы жылдың 22-23 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Атқару комитетінің және Кеңес отырысы өткен болатын. Кеңес мүшелері 2021 жылғы Кәсіподақ қызметінің қорытындыларын талқылап, елде және салада қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындады. Осыған байланысты, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымының Атқару комитеті, Кеңес мүшелерінің кездесуінде жүктелген міндеттер сараланды, жоспарлар ортаға салынды.
Кездесу барысында Жандос Шайдуллаұлы «Кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі жұмысы» туралы есеп берді. Төраға өз баяндамасында өткен жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымының құрамына кірген бастауыш кәсіподақ ұйымдары, облыстық филиалдардың жұмысы, білім беру ұйымдарында жасалған ұжымдық келісімшарттар және жыл бойы өткізілген семинарлар мен білім қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында берілген заңдық кеңес есептері жайлы баяндады. Облыстық кәсіподақ қызметінің есебі тыңдалған соң облыстық Атқару комитетінің мүшелері сөз сөйлеп, пікірлерін жеткізді. Сөз алғандар қозғалған мәселелерді талқылай отырып, облыстық кәсіподақ қызметін ілгерілету жайында өздерінің ұсыныстарын білдірді.
Кезекті отырысының соңында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымының Атқару комитетінің жылдық жоспары дауысқа салынып, бірауыздан бекітілді.
-
Фото
-