КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ - БАСТАУЫШТАН БАСТАЛАДЫ
2022 жылдың 15, 17, 18 ақпан күндері «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тарбия Анайбекқызы Баймбетованың қатысуымен Қарақия, Мұнайлы ауданының және Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төраға-төрайымдарына семинарлар ұйымдастырылды. Кездесуде Тарбия Анайбекқызы сала қызметкерлерінің құқықтары мен кепілдіктерін қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін ерекше атап өтті.
Қоғамдағы мұғалім беделін көтерген «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануына Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы тікелей араласты, сондай-ақ, ауылдық жердегі білім қызметкерлеріне отын-су алуға берілетін коммуналдық төлемақы, жыл сайынғы медициналық тексерулер де – кәсіподақтың жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмысының жемісі.
Педагогтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы күндері де назардан тыс қалмайтынын жеткізген төрайым «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында қазірдің өзінде жоғары тұрған өкілетті органдарға бірқатар ұсыныстар жолданғанын жеткізді.
Семинар барысында төрағаларға көмекші құрал ретінде әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.
Сөз соңында әріптестердің сұрақтарына тұшымды жауап берген филиал төрайымдары облыстағы 320 бастауыш кәсіподақ ұйымын ұйытып, мыңдаған педагог пен қызметкердің сеніміне ие болған Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тарбия Анайбекқызына алғыстарын білдіріп, ісіне сәттілік тіледі.
-
Фото
-