ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков Жаркент қаласындағы «Қарақат-ай» балабақшасының еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Шара барысында кәсіподақ төрайымы Жанар Нұрмолдақызы «Қарақат-ай» балабақшасының Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының құрамына 2019 жылдан бастап кіргенін, еңбек ұжымында 14 адам жұмыс істейтінін айтып, бастауыш ұйымның жұмысымен, тыныс-тіршілігімен таныстырып, филиал төрағасы Мақытбек Әділұлына сөз кезегін ұсынды.
Ұжыммен кездесуде төраға Мақытбек Тұрлыбеков қазіргі уақыттағы кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмысына тоқталып, кәсіподақ ұйымдарының маңызы, мақсаты, міндеті, туралы айтты. Сонымен қатар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, медициналық бақылаудан өту, жазғы сауықтыруға бөлінетін қаржының жұмсалуы сынды мәселелер сөз болды.
Осыдан кейін бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Ұжыммен кездесу соңында «Қарақат-ай» балабақшасының әдіскері Әлия Торғаева кәсіподақ ұйымы төрағасына кездесу ұйымдастырып, толық ақпарат айтып, балабақша қызметкерлерінің ойындағы сұрақтарына жауап бергені үшін ұжымның атынан алғысын білдірді.
«Алматы облыстық білім, ғылым жәнебюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің
жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалы
жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалы