АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Күні кеше Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толды. Алапат соғысқа Қаратал ауданынан 79 жауынгер аттанды. Оның 8-і майданда ерлікпен қаза таппы. Бүгінгі күні ауданда 45 ауған соғысының ардагері бар. Білім саласында еңбек етіп жүрген Мұрат Тілеубай, Сәбір Берік, Александр Давыденко осы қатарда. Олар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етуде.
Осындай атаулы күннің қарсаңында «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-і Қаратал аудандық филиалының төрағасы Берік Абақов ауған соғысының ардагерлерімен кездесті.
К.Тоқаев атындағы орта мектебінде өткен шарада қаза тапқан майдангерлерге арналып, бір минут үнсіздік жарияланды. Рухтарына тығзым етілді. «Ардагері Ауғанның» атты кездесуде мектеп басшысы Ләззат Испанова барша ардагерлерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Қаратал аудандық филиалының төрағасы Берік Нұртілеуұлы да аталған шарада сөз сөйлеп, ерлік жасаған азаматтарды ескеріп, олардың соғыс алаңында жасаған батыл қадамдарына алғыс білдірді. Ардагерлерге құрмет көрсетіп, кәсіподақ атынан сыйлықтарын табыс етті.
Шараға қатысқан соғыс ардагерлері де өмір жолдары туралы баяндап, соғыстың тауқыметін, көрген қиыншылықтарын айтып берді. Елдің тыныштығы мен бейбітшілігі баянды болуын тіледі.
Мектеп оқушылары кездесу барысында патриоттық әндерді шырқап, мың бұрала билеп, өнерлерін көрсетті.
«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің
жергілікті кәсіподағы» ҚБ-і Қаратал аудандық филиалы
жергілікті кәсіподағы» ҚБ-і Қаратал аудандық филиалы