АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ФИЛИАЛ ҚҰРЫЛДЫ
Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлері кәсіподағының саны жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы облыстық ұйымда жаңа филиал құрылды. Аталған аудандық филиал І Конференциясын өткізді.
Күн тәртібінде «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ-нің Ұйғыр аудандық филиалын құру және алқалы органдарын сайлау және ұйымдастыру жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Алдын ала бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 30 жуық делегат сайланып, Конференцияға толық қатысты.
Алқалы жиынды облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов ашып, Конференция делегаттары арасыннан жұмысшы органдарды таныстырып, тізім бойынша редакциялық, санақ, және мандат комиссиялары мен хатшылықтың құрамын бекітті. Сонымен қатар, жаңадан құрылған Ұйғыр аудандық филиалына төраға сайлау қажет екенін жеткізіп, Сартолов Қанат Әбілжанұлының кандидатурасын ұсынды.
Алқалы жиында көпшіліктің қолдауына ие болған төраға Қанат Әбілжанұлы сөз алып, жиынға қатысушыларға алғысын айтып, сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарға назар аударып, кәсіподақ мүшелерімен бірге жұмыс істейтіндігін жеткізді.
Филиал төрағасы Конференцияны жалғастырып, аудандағы білім беру мекемелерін бір ортаға шоғырландыру саясатын ұстанатынын жеткізіп, кәсіподақтың маңызды шешім қабылдаушы органы болып табылатын Кеңес, атқару комитетінің мүшелерін бекітті. Сондай-ақ аудандық филиалдың бақылау-тексеру комиссиясын сайлады.
Жиын соңында білім беру мекемелеріндегі өзекті мәселелер қозғалып, бірлесіп шешу жолдары қаралды.
«Алматы облыстық білім,
ғылым және бюджеттік ұйымдар
қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ
баспасөз қызметі