ИННОВАЦИЯ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫНА
Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бастамасымен білім беру ұйымдарының басшыларымен және облыстың кәсіподақ активімен өткізілген жаңа нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын қолдану мәселелері бойынша (on-line режимінде) семинар-кеңестер циклі аяқталды.
Семинар-кеңестер 2022 жылдың 1-11 ақпан аралығында өтті.Семинар-кеңестердің жұмысына үш қала мен облыстың 10 ауылдық ауданынан әлеуметтік аріптестер, кәсіподақ көшбасшылары, педагог қызметкерлерді аттестаттау, басшыларды ротациялау, оларды тағайындау және лауазымнан босату мәселелеріне мүдделі мыңнан астам тыңдаушылар қатысты.
Ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін семинар – кеңестердің тренерлері болып Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шиндлярская Гүлсина Шайдуллақызы, Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Аушахманова Бақытгүл Төлегенқызы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің құқықтық мәселелер бойынша бас маманы Джаркенова Гүлшат Оралқызы таңдалды.
Семинар-кеңестер кезеңінен кейін: біздің әріптестеріміз өздеріне жүктелген түсіндіру, жаңа заңдар мен оларға енгізілген түзетулердің күрделі қыр-сырын анықтауға көмектесу міндеттерін өте жақсы орындады деп сенімділікпен айтуға болады.
Міне, олардың білім беру қызметкерлері үшін маңыздылығы мен өзектілігін көрсететін семинар – кеңестерден бірнеше пікір:
- "Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса" деген қазақтың дана сөзінде айтылғандай бүгін "Жаңа нормативтік-құқықтық актілерді іс жүйесінде қолдану" туралы облыстық семинарға қатысуға, қажетті ақпаратты алуымызға мүмкіндік жасаған семинар ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін. Өте жақсы семинар болды.
Шарбақты ауданының Галкино орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Аухадиева Бахытгүл Жұманқызы.
- Семинарлардың уақытылы және пайдалы циклі. Ең бастысы, оның практикалық бағыты бар. Семинар тыңдаушылары аттестация, ротация және басқа да маңызды мәселелер бойынша заңнамалармен қаруланды деп үміттенемін.
Матаева Сандугаш Бариқызы, "Павлодар аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы"ҚБФ төрайымы.
- Семинар көптеген өзекті мәселелерді шешуге көмектесті. Кәсіби және сауатты құрастырылып өткізілді. Педагогтарды аттестаттау тақырыбы өте сұранысқа ие болды, сондықтан ол бойынша сұрақтар қайталанып қойылды, оларға спикерлер шыдамдылықпен және мазмұнды түрде қайта-қайта жауап берді. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет және сәттілік тілейміз!
Кушубаева Гүлнара Тоқышқызы, Тереңкөл ауданы "Талбесік" бөбекжайының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
- Ұйымдастырушыларға педагог қызметіне қатысты құқықтық мәселелер саласындағы ауқымды және пайдалы ақпарат үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Менің ойымша, бұл семинар әр мұғалімнің одан әрі жетілдірілуіне және өз жұмысына жаңа біліммен ұмтылуына ықпал етеді.
Алтынгүл Сақтапбергенқызы Сәрсенова - Екібастұз қаласы ПМПК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
Семинар-кеңестер циклін өткізу барысында 83 сұрақ қойылды, оларға қызметкерлер құзыретті, сауатты жауаптар алды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Барлық ақпараттар мен слайдтық презентациялар аудандық және қалалық филиалдарға жолданды. Олар сондай-ақ өз қызметкерлерін жергілікті жерлерде оқытатын болады.
Қоғамдық бірлестік, барлық аудандық және қалалық филиалдар атынан семинарлар спикерлерінің жұмысы үшін алғыс айтады және облыстың білім беру жүйесі қызметкерлерінің игілігі үшін одан әрі тығыз ынтымақтастықта екеніне сенім білдіреді.
Сондай-ақ, семинар-кеңестер тыңдаушыларына кері байланыс үшін алғыс білдіреміз, алынған білім педагог қызметкерлерді аттестаттау, ротациялау және басқа да көптеген мәселелер бойынша іс-шараны табысты өткізу үшін жұмыста қолданылады деп үміттенеміз.
Зерттелгенді бекіту ретінде әлеуметтік желілерде және облыстық кәсіподақтың сайтында семинарлар-кеңестер спикері - Г. Ш. Шиндлярскаяның бейнесабағы орналастырылады.
Г. Джаркенова,
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы
Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы