ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Кеше 10 ақпан күні Түркістан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева, Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла және Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Диана Турманованың қатысуымен кәсіподақ активінің жиналысы өткізілді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақ ұйымдарының қызметін тиімді ұйымдастыру бағытында аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КЕЛІСІМІНІҢ аясында еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелер төңірегінде сөз сөйледі.
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КЕЛІСІМІНІҢ аясында еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелер төңірегінде сөз сөйледі.
Қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Диана Абайқызы өз сөзінде Түркістан қаласында білім саласының жас мамандарын қолдау бағытында көптеген игі істер қолға алынғанын атап өтті.
Райхан Мамашиқызы еңбек адамының құқығын қорғау, кауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайын көтеру, жас мамандарды қолдаудағы Салалық кәсіподақ қызметіне қатысты ақпарат берді.
3 сағатқа созылған кездесу барысында қалалық кәсіподақ ұйымының мүшелері көптеген өзекті сауалдарын жолдап, жауаптарын алды. Сонымен қатар, осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса деген тілектерін жеткізді.