КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева,
Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла мен облыстық ұйым заңгері Ермахан Тілепберген Түркістан облысының, Келес ауданы адами капиталды дамыту бөліміне қарасты №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті.
Кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының 129 өкілі өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КЕЛІСІМІНІҢ аясында еңбек жағдайларын жақсартуға байланысты педагогтар тарапынан түскен сан сауалға жауап берді.
Өз кезегінде Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы бастауыш кәсіподақ мүшелеріне ұжымдық келісімдердің маңыздылығы атап өтіп, білім беру ұйымдарында жасалған ұжымдық келісім-шарттардың басты мәні ұйымдардың жұмысын тұрақтандыруға, еңбек ақының өсуін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.