АТЫРАУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Ақпанның 10-ы күні «Кәсіподақтар үйінің» мәжіліс залында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің кезекті кеңейтілген мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» бірлестік төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, «2022 жылға арналған кірістер мен шығыстар сметасын бекіту туралы» бас есепші Алтын Тюякпаева, «2021 жылдың қорытындысы бойынша кәсіподақ ұйымы мен мүшелігінің статистикалық есебі туралы» бас маман Зәуре Бекмұхамбетова, «Кәсіподақ кадрлары мен активін оқыту жоспары және кестесін бекіту туралы» және «Қоғамдық бақылау өткізу жоспарын бекіту туралы» бас маман Юлия Айбосынова хабарламалар жасады.
Атқару комитетінің мәжілісінде пандемияға байланысты ұйымдастырылмай қалған облыстың білім және ғылым саласы қызметкерлері арасындағы «Атырау көктемі» атты көркемөнерпаздар фестивалін өткізу, «Рухани жаңғыру: жаңартылған білім беру және тәрбие» тақырыбында былтыр күзде өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция қарарын жүзеге асыру мақсатында «Халық мұғалімі, «Атырау облысының Құрметті азаматы», профессор Құсиын Айтқалиевқа арналған «Үздік педагогикалық қызметі үшін» атты төсбелгісінің Ережесі мен эскизі талқыланып, бекітілді.
Сондай-ақ, мәжілісте кәсіподақ мүшелерінің биылғы жазғы емдеу-сауықтыру мәселесі де назардан тыс қалмады.
Мәжіліске қатысқан Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов сөз сөйлеп, бір топ кәсіподақ белсенділеріне марапат тапсырды.