«АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ»
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдық мерейтойына орай «Айдың үздік қызметкері» байқауы өтті. Байқау барысында «Үздік координатор - 2022» номинациясы бойынша үздік қызметкер анықталды. Университеттің әлеуметтік-шығармашылық жұмыс жөніндегі бөлімі және кәсіподақ филиалымен бірлесіп өткізген байқауға жоғары мектептердің координаторлары қатысты.
Ережеге сәйкес іріктеу кезеңінен өтіп, көрсетілген критерилерге сай қатысушылардың портфолиясын тағайындалған қазылар алқасы қарап, атқарған жұмысы мен жетістіктеріне қарай жеңімпазды анықтады.«Үздік координатор - 2022» номинациясы бойынша гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі координаторы Тумабаева Мадина Болатқызы жеңімпаз болды.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. 2013 жылдан бастап аталған мекемеде қызмет етіп келеді. Еңбек өтілімі университеттің жастар саясаты бөлімінен бастау алып сектор жетекшісі қызметінен тәрбие бөлімінің басшысы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, «Zhansugurov college» директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, қазіргі таңда филологтарды даярлау білім беру бағдарламасының оқытушы-ассистенті және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі координаторы қызметін атқарып келеді. Қызметімнің бастауы идеологиямен байланысты. Демек, студент-жастардың тұлға болып қалыптасуына талмай еңбек етуде. Әр студенттің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ХХІ ғасырдың жаңа қазақстандық қоғамның іргетасын қалайтын білімді азамат, білікті басшы болатындай етіп тәрбиелеуге өз үлесін қосуда.
«Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»,- демекші шәкірт тәрбиелеу ісінің үздігі болу үстінде. І семестрдің қорытындысы ретінде университеттің жас ғалымдарына арналған «Жас ғалым» жобалар байқауына қатысып, Мадина Болатқызы Тумабаеваның жетекшілігімен жаңа форматта куратор-эдвайзерлер үшін тәрбие жұмысының концепциясын құрып, «ХХІ ғасырдың құзыретті студент тұлғасын қалыптастыратын 10 қадам» тақырыбындағы жобасы үздіктер қатарынан табылды.
Басқарма төрағасы – Ректор, г.ғ.д., профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы жеңімпазды құттықтап, қызметіне табыс тіледі.
Жеңімпазға университет тарапынан диплом мен кәсіподақ филиалынан жалақысының 20 % үстемақымен қаржылай сыйлық табыс етілді.Алдағы уақытта аталған байқау жалғасын тауып, еңбек ұжымы арасында кіл мықтыларды анықтауға мүмкіндік бермек.
Е. Хаймулданов,
Кәсіподақ филиалының төрағасы,
Алматы облысы, Талдықорған қаласы