ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ
«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Төлепбергенов Еңбекшіқазақ ауданына іссапармен барды. Д. Қонаев атындағы орта мектебінің еңбек ұжымымен кездесті. 57 жылдық тарихы бар білім ордасының тыныс-тіршілігін бағамдап, ұстаздардың жағдайын сұрады.
Мұғалімдердің мәртебесін арттыруға бағытталған жұмыстарды айтып өтті. Кездесу барысында облыстық ұйымның атқарған жұмысы да айтылды. Кәсіподақ ұйымының мүшелік базасын нығайту барысында Еңбекшіқазақ ауданында бірқатар білім мекемесі облыстық ұйымның қатарына қосылып, бүгінгі күні бірлесе жұмыс істеп жатқанын да жеткізді.
Сонымен қатар, ұзақ жылдар білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткені үшін Д. Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айғаным Бөпетаеваға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын табыс етті.
Ұстаздардың атынан аудандық жастар Кеңесінің төрағасы Жанар Есіркегенова сөз алып, жас мамандарға арналған шараларды таныстырды. Сала қызметкерлерін ынталандыру, өзара байланыс орнату сынды маңызды бағыттарға тоқталды. Жоспарланған «Ұлттық ойындар- халықтың мұрасы» атты жарыстың Ережесін таныстырып, мұғалімдерді шараға қатысуға шақырды.
Педагогтардың ұжымдық шартқа және жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жасалған келісімге қатысты сұрақтарын жолдап, толық жауап берілді. Жұмысты жандандыру үшін айтылған ұсыныстар жинақталды.
«Алматы облыстық білім, ғылымжәне бюджеттік ұйымдар
қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы»қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі