ДИРЕКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Павлодар облысы Тереңкөл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы филиалының ұйымдастыруымен, Павлодар облысы еңбек басқармасының инспекторы Е.Н. Добровольскихтің қатысуымен аудандық білім беру мекемелерінің директорларына арналған онлайн форматта семинар өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтық нормативтік актілер туралы мәселелер қамтылып, жан- жанжақты түсініктемелер беріліп талқыланды. Семинар соңындағы қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Семинардың тәжірибелік бөлімі Байқоныс, Песчан орта мектептерінде жалғастырылды. Мектептерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтық нормативтік актілер қаралып, жауапты тұлғалармен, техникалық инспекторлармен кездесулер өткізілді.
А.Омарова,
Тереңкөл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы,
Павлодар облысы.